+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүргендер бар ма

2020 жылғы 22 қаңтар 11:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүргендер бар ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаржы пирамидасының құрылтайшылары Қырғызстан мен Ресейде іздестірілуде Тергеу департаменті қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада жұлдыздарына қатысты пікір білдірді ШҚО-да жүз бастан астам мал ұрлаған екі жігіт қолға түсті

«Бүгінгі таңда Бразилиямен қылмыстық салада үш негізгі шарт жасалды. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімдікті білдіреді. Қазір екі елдің арасындағы байланыс жоғары деңгейде. Сауда айналымы 2019 жылы 13 пайызға өсті. 2016 жылдан бері екі ел арасында визасыз тәртіп қатынастары жасалған», - деп тоқталды ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Жалпы отырыста талқылауға ұсынылған шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселелерін шешеді.

«Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Дәл осылайша қылмыскер елімізде жасырынып жүрсе, біз Бразиялия тарапына адамды экстрадициялауға міндетті боламыз. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген», - деді ол.

М. Ахметжановтың сөзіне қарағанда, бүгінде Бразилияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ. Сонымен қатар, Бразилия органдары тарапы елімізде іздеу салған күдіктілер тіркелмеген.

«Шарттың негізгі бір мақсаты – алдын алу. Бұл құжат қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрген адамдарды қайтару үшін қажет құқықтық тетік болып отыр. Бүгінгі таңда шетелмен осындай 21 екі жақты шарт бар. Жақын арада біз осындай шарттарды Аргентинамен, Перу, Доминикан, Кипр, Малайзия және Грекиямен бекітпекпіз», - деді Марат Ахметжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT