+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанда қылмыс жасағандардың көпшілігі жұмыссыздар - статитика

2020 жылғы 16 қазан 17:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қылмыс жасағандардың көпшілігі жұмыссыздар  - статитика

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың III тоқсанында елімізде қылмыс жасаған 57,2 мың адам анықталды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтап (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1 пайыз аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (4,1 пайыз көп). Қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар - 82,2 пайыз», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік топ құрамында болған. Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 1367 адам немесе 2,4 пайызы - кәмелетке толмағандар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,4 пайызға аз. Олардың ішінде төмендегі жас аралығында жасалған қылмыстар: 14-15 жас – 256 (2019 жылғы III тоқсанда - 460) адам немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушылар санының 18,7 пайызы; 16-17 жас – 1111 (1688) адам немесе 81,3 пайызы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT