+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 66 пайызға жетті

2020 жылғы 30 шілде 17:39
Бөлісіңіз:
Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 66 пайызға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 ауруының тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

«Мемлекет басшысы тапсырмасымен осы жылдың 5 маусымынан бастап коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша жарияланған қатаң шаралар кезеңі өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді. Дерттен жазылғандардың саны 66 пайызға жетті. Жедел жәрдемдерді шақыру саны 40 пайызға, оның ішінде коронавирусқа байланысты шақыру 52 пайызға азайды. Ауруханалардағы жататын орындардың қолдану деңгейі 90 пайыздан 40 пайызға төмендеп отыр. Осыған байланысты жеті өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды. Жедел жәрдем шақырғандардың саны 40 пайызға, оның ішінде пневмония бойынша 35 пайызға төмендеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ауруханалар мен емханаларда бір айлық дәрі-дәрмек қоры құрылып, бөлшек сауда нарығын қолдау үшін шетелден 10 миллионға жуық дәрі-дәрмек жеткізілген.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT