+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алушылар саны тәулігіне 12 есеге артты - ДСМ

2021 жылғы 4 мамыр 10:09
Бөлісіңіз:
Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алушылар саны тәулігіне 12 есеге артты - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталған сәттен бері коронавирусқа қарсы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалды Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды

«Вакцина жеткізу жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Сәуір айының соңында ақпаннан бастап өсім қорытындысымен вакцинаның 2,3 млн дозасы жеткізілді. Вакцинациялау қарқын алып келе жатыр. Мәселен, 1 сәуірмен салыстырғанда, тәулік ішінде бірінші және екінші дозамен егілгендердің саны 12 есеге артып, тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін ұлғайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, халықты егу жұмысына 11 мың медцина қызметкері, 1 мыңнан астам стационарлық егу пункті және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылған. Вакцинациялау пункттері 2 ауысыммен сағат 24-00-ге дейін және демалыс күндері де жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстанда вакцинациялау науқаны басталған сәттен бері коронавирусқа қарсы шамамен 1,8 млн доза вакцина қолданылды. Дегенмен, өңірлердің әкімдері қазіргі уақытта ауыл тұрғындарын вакцинациялауға назар аударғаны жөн. Бұл мақсатқа жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану қажет», - деді Алексей Цой.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT