Қазақстанда КВИ-ден қайтыс болғандар туралы Америка ғалымдарының дерегі асыра көрсетілген - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық ғалымдардың Қазақстанда коронавирустан 80 мың адам қайтыс болды делінген дерегі асыра көрсетілген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де Медициналық көрсетілімдер және бағалау институты (АҚШ) ғалымдарының біріктірілген өлім-жітім туралы хабарламасы болды. Олар коронавирус инфекция пандемиясы кезеңінде біріктірілген өлім-жітім бойынша гипотезаны тестілеу жүргізген. Жалпы, ғалымдар өздерінің жұмысында мәліметтерді өңдеудің түрлі әдістерін қолданатындығын, деректер негізінде «теориялық гипотеза» түзетіндігін түсінеміз. Алайда, бүгінде оны тексеру мүмкін емес. Ең алдымен аталған институттан Қазақстанға да, Денсаулық сақтау министрлігіне де сауал келіп түспегендігін атап өткім келеді», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар өлім-жітімді қосып көрсету әлемнің барлық елдеріне тән екендігін жасырмады.

«Толықтай алғанда зерттеудің бүкіл әлем осы проблемамен бетпе-бет келгендігі туралы айтқанымен келісуге болады және біріктірілген өлім-жітім біздің елге ғана емес, барлық, тіпті дамыған мемлекеттерге де тән. Жалпы, аталған зерттеудегі елімізде бір жылдың ішінде шамамен 80 мың өлім-жітім қосылды делінген дерек тым асыра көрсетілген. Біздің мәліметтерге сәйкес, өткен жылы шамамен 28 200 жағдай тіркелді», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар