+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда күзде коронавирус екінші рет өршуі мүмкін – эпидемиологтар болжамы

2020 жылғы 24 сәуір 10:03
Бөлісіңіз:
Қазақстанда күзде коронавирус екінші рет өршуі мүмкін – эпидемиологтар болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық эпидемиологтар осы күзде елімізде коронавирустың екінші рет өршуі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда КВИ жұқтырған жас босанған әйел ауыр халде жатыр Коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысты кеңес өтті Евгений Комаровский: Жабық нысанда міндетті түрде маска тағу керек

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен видеоконференция өткізген эпидемиолог-ғалымдардың пікірінше, коронавирус инфекциясы күзде тұмаумен бірге қайта өршуі ықтимал. Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керектігін айтады.

«Маусымдық гипотезаны қазір ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Маусымдық жағдайда тұмау қатты жүрмеуі ықтимал. Тиісінше жазда эпидемия жалғасуы мүмкін. Күзде де ол ары қарай кездесе береді», - дейді С.Аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры Бауыржан Жүсіпов.

COVID-19 ауруын зерттеу үшін қазақстандық ғалымдар биоматериалдар банкін құруды ұсынып отыр. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды сан жағынан алтыншы хаттамамен емдеуде.

Ғалымдармен кездесу барысында министр Ұлттық инфекциялық аурулар орталығын құру туралы сөз қозғаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT