Қазақстанда күш құрылым қызметкерлері ақылы жолдарда тегін жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы жолдарда тегін жүру нормасы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен күш құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерге қатысты болады. Бұл туралы көлік мәселелеріне арналған заң жобасын түсіндіру кезінде Мәжіліс депутаты Альберт Рау айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақылы жолдармен тегін жүру нормасы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және қызметін атқарып жүрген күш құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерді қамтиды. Елімізде ардагерлер саны жыл сайын азайып келеді. Біз оларға теңестірілгендер санатын да қарастырып отырмыз. Қазіргі кезде тиісті есептеулер жүріп жатыр», - деді А. Рау Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 кодексі және 16 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев халықтың әлеуметтік осал топтарына қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беретін нормалар енгізілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар