Қазақстанда құс өсіру саласындағы ғылымды дамыту керек - Руслан Шәріпов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов мемлекеттік қолдау жасалмаса, құс өсіру саласын дамыту қиынға түсетінін атап өтті.

«Бұл бағытта тек мемлекеттік қолдау ғана керек. Бірінші кезекте құс өсіру саласындағы ғылымды дамыту керек. Осы орайда құс өсіру институтын жаңғыртуды талап етіп отырмыз», - деді ол елордадағы ІХ халықаралық құс өсірушілер форумы барысында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі форумда құс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болып отырғаны айтылды.

«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов.


Соңғы жаңалықтар