Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрылыс жұмыстаының көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 853,8 млрд теңгеге жетті. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,3 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш кезеңде жұмыстардың басым бөлігі автомагистраль, көше, жол, теміржол, көпірлер мен тоннельдер құрылысы саласында атқарылды. Аталған салалардағы көрсеткіш 162,2 млрд теңге болды. Инженерлік құрылғылар бойынша, 155,8, өнеркәсіп ғимараттары бойынша, 111,7, тұрғын үй құрылыстары 98 млрд теңгені құрады. Ал тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларындағы көрсеткіш 72,2 млрд теңгеге жетті.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының ауқымы 4,9 процентке азайып, 736,4 млрд теңге болды. Сонымен қатар, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 47,7 процентке көбейіп, 57,7 процентті құрады.

Биылғы жылдың қаңтар-мамырында 15 мың 768 жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда 6 жалпы білім беру мектебі, 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен 1 амбулаториялық-емхана пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар