+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қазақстанда Құрбан айт намазы қалай оқылады

2021 жылғы 15 шілде 15:18
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Құрбан айт намазы қалай оқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайындағы Құрбан айт туралы баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мүфтидің айтуынша, ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы 10 күні қасиетті күндер саналады. Хижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

«Биылғы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз», - дейді Бас мүфти.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT