Қазақстанда құрастырылған сұранысы жоғары көліктер тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда 235,4 млрд теңгеге 32 мыңнан астам автокөлік шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, 6 айдың ішінде елімізде жеңіл, жүк көліктерін, автобустарды, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда жалпы құны 235,4 млрд теңге болатын 32 059 автокөлік құрастырылған. Нақты мәнде шығарылған көлік түрлерінің көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 55,6 пайызға жоғары болып отыр.

Есепті кезеңде елімізде 27 867 жеңіл көлік құрастырылып, өсім 48,6 пайызға жетті. 713 автобус құрастырылды. Жүк көлігін құрастыру 3,5 есеге артып, 2 974-ке жетті. 131 арнайы техника мен 374 тіркеме шығарылды.

Республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 183,8 млрд теңге жұмсады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 51,4 пайызға жоғары. Жыл басынан бері еліміздің кәсіпорындарында құрастырылған көліктердің ішінде Lada (7 922), Hyundai (6792), Ravon (3395), KIA (3080) және Chevrolet (596) маркаларына сұраныс жоғары. Бұл қатарға JAC (332), UAZ (242) және Skoda (202) көліктері де кіріп отыр.

2020 жылдың қаңтар-маусымында 4 775 автомобильді жеңілдетілген автонесие мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар сатып алған.


Соңғы жаңалықтар