Қазақстанда құны 128 млрд теңге болатын 22 мың ипотека қайта қаржыландырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ипотекалық несиені қайта қаржыландыру екі блоктан тұрады. 

Бірінші блок 2004-2009 жылдары ипотекалық несие алып, төлей алмай қалған клиенттерді қолдауға бағытталған. Ұлттық банк осы мақсатта 130 млрд теңге бөлді. 

«2018 жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша жалпы құны 153,3 млрд теңге болатын 24 613 несие мақұлданды. Жалпы құны 128,5 млрд теңге болатын 22 348 несие қайта қаржыландырылды. Барлығы 228,9 млрд теңге болатын 30571 өтінім қабылданды», - деді Ұлттық банктен. 

Екінші блок 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін теңгемен алынған несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталған. 

«Бүгінде валюталық займдар бойынша құны 10 млрд теңге болатын 1520 өтінім мақұлданды. 4,9 млрд теңге болатын 887 займ қайта қаржыландырылды. Барлығы 2 015 өтінім қабылданды», - деді банктен.

 

Соңғы жаңалықтар