Қазақстанда күніне 2 әйел жатыр мойны ісігінен көз жұмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жатыр мойны ісігінен күніне 2 әйел көз жұмады. Мұндай мәліметті бүгін Алматыда өткен «Әйелдер онкологиясы: заманауи емдеу тәсілдері» атты конференция барысында қалалық Онкологиялық диспансер гинекология бөлімінің меңгерушісі Татьяна Югай жеткізді.

«Қазақстанда әйелдер онкологиясы өте өткір мәселе болып тұр. Біздің елімізде күніне 2 әйел жатыр мойны ісігінен көз жұмады. Ал сүт безі ісігінен қаза болғандардың саны одан да көп. Қазақстанда әйелдердің арасындағы өлім саны бойынша сүт безі ісігінен қаза болғандар көш бастап тұр», - деді Татьяна Югай.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында қалалық онкодиспансерде қатерлі ісік ауруларының алдын алумен емдеудің бірқатар шаралары жүргізіледі.

«Ай сайын ашық есік күндері, тегін қабылдаулар өткізіліп тұрады. Біз үнемі шетелдік әріптестерімізді шақырып, олардың жаңа тәжірибесімен бөлісіп отырамыз. Өйткені, бұл әлемдік деңгейдегі мәселе», - деді ол.

Сонымен қатар, бүгінгі баспасөз конференциясына Түркияның «Аджибадем» клиникасынан келген мамандар да қатысты.

Профессор Серкан Эрканлы өз кезегінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес қатерлі ісік ауруы келешектегі 20 жылда әлем бойынша 70 пайызға артатынын атап өтті. «Түркияда жылына жатыр мойны ісігімен 1400 әйел тіркеледі. Алайда, біз шамамыз келгенше олардың өмірін ұзартуға тырысамыз. Қазір біздің клиникада қатерлі ісікті анықтау, алдын алу бойынша заманауи жұмыстар жасалады», - деді шетелдік маман.

Соңғы жаңалықтар