Қазақстанда күнбағыс майы өндірісі бір жылда 46 %-ға өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау аяқтауға жақын, бүгінгі күні фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96 %-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

«Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы қыркүйекке қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық.

Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар