+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Қазақстанда күн жылынып, ауа температурасы көтеріледі

2020 жылғы 26 ақпан 11:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанда күн жылынып, ауа температурасы көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 27-29 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады Солтүстік өңірлерде күн суытады, жел күшейіп, қар жауады Маңғыстау облысында қар жауады

Қыс аяқталып үлгермесе де, Қазақстанда көктем өз үстемдігін орнатып жатыр. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 5...12°С жоғары болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар жауады.

Циклондар мен антициклондар бір-біріне тез ауысып, синоптиктер оларды бақылауға үлгермей отыр. Ал олардың тез ауысуы - көктемгі процестердің басталуының негізгі белгісі.

Міне, алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы суық полярлық және арктикалық фронттар үлкен жылдамдықпен өтеді, оның артынан антициклон тарайды. Содан кейін батыс облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен кезекті фронттар келеді.

Сондықтан жаңбыр және жылбысқы қар жауады, артынша күн ашылып, күн райы тез өзгереді. Ауа температурасы өте жоғары болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT