Қазақстанда күн суытуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстандағы 7-9 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы Поволжье және Оңтүстік Уралдан ауысып келетін атмосфералық ауа ағындарынан қалыптасады. Олардың ықпалымен елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстік бөлігінің кей аудандарында өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Ыстық басылып, күндізгі ауа температурасы +30 +39 градустан +25 +30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар