Қазақстанда күн 33 градусқа дейін ысиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 18-20 сәуір күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 жылыға дейін, ал оңтүстікте +25...+33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар