Қазақстанда криминогендік жағдай тұрақты - Ерлан Тұрғымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің криминогендік жағдайы тұрақты. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда еліміздің криминогендік жағдайы тұрақты, бақылауда. Жыл басынан бері қылмыс саны 9 пайызға қысқарды (110 мыңға дейін). Соның ішінде аса ауыр қылмыстар 7,7 пайызға, ауырлығы орташа қылмыс 12,4 пайызға және ауыр емес қылмыстардың саны 4,7%-ға қылмыстар азайды. Кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл, тонау, ұрлық, бұзақылықтар да төмендеді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.null

Министрдің айтунша, көшелерде және қоғамдық орындарда, сондай-ақ жасөспірімдер тарапынан, мас күйінде жасалған және атыс қаруын қолданған қылмыстардың саны да қысқарды.

«Осы жылы министрлік үшін - ерекше жыл. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз саланы жаңғырту бағыттарында біршама жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар