Қазақстанда «қос билік» туралы қауесетке негіз жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатында елдегі «қос билік» туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар» арнасына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі «қос билік» туралы сұрақ қойылды.

«Мұндай тұжырымға еш негіз жоқ, себебі Қазақстан президенттік басқару формасы бар унитарлы мемлекет. Мен жол көрсетемін, өздері кеңеседі, кеңес беремін, сұрамаса – кеңес бермеймін (күлді). Өз Отаныма, өз еліме қызмет етуді жалғастырып келемін», - деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасы бүгін «Хабар» арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі.

Осы сұхбат барысында Елбасы президенттіктен кеткеніне өкінбейтінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар