+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирустың үнді штамы қанша адамнан табылды

2021 жылғы 23 маусым 20:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирустың үнді штамы қанша адамнан табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирустың «Дельта» немесе үнді штамына қанша адамға тест жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстан қонақүйлерінде 17 мың резервтік төсек-орын дайын тұр СҚО-да той-томалақ тыйылмаған жағдайда демалыс күндеріне локдаун енгізілмек Адамдар тойға бармағаннан өлмейді, тойға барып, вирус жұқтырғаннан өледі - әкім


«Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 55 адам экспресс-әдіспен тестілеуден өтті. Олардың 55%-ында яғни 30 сынамада үнді штамының мутациясы болуы ықтимал. Бүгін Алматы қаласында да үнді штамының циркуляциясы анықталды. Кеше тестілеуден өткендер арасынан бір сынама табылды», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Оның айтуынша, ПТР скринингі үнді штамына тән мутацияны анықтайды, ал толық сенімді нәтиже алу үшін геномдық реттілік жүргізіледі.

«Яғни, вирустың ДНҚ тізбегі толық қарастырылып, үнді штамына тән мутацияның болу-болмауы анықталады. Бұл талдау әдетте, айтарлықтай ұзақ өтеді және оған шамамен үш апта жұмсалады», - деп түсіндірді спикер.

Яғни, мамандар алдымен жедел тестілеу өткізіп, ПТР әдісімен анықтаған.

«Енді дәл осы сынамалар үш апта ішінде тексеріледі. Сонда толық геномдық реттілік үнді штамының бар-жоғын растайды. Дегенмен, ПТР-жүйелер өте сезімтал және коронавирустың қандай да бір түрінің мутациясын анықтайды», - деп толықтырды Айжан Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT