Қазақстанда коронавирустың үнді штамы анықталған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустың үнді штамы анықталған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі сәтте сараптамаларды соңғы секвестрлеу барысында Қазақстаннан үнді штамм анықталған жоқ. Біз мұндай зерттеулерді тұрақты түрде жүргіземіз. Толықтай алғанда денсаулық сақтау жүйесі түрлі сценарийлерге дайындалған. Өзге елдердегі қазіргі ахуалға мониторинг жасаймыз. Қазақстанға кез келген елдің азаматының ПТР-дің теріс нәтижесінсіз кіруіне тыйым салатындығымызды білесіздер», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Министрдің атап өтуінше, ПТР тестілеу коронавирустың барлық түрін, оның ішінде үнді штамын да анықтай алады.

«Сондықтан біз қазіргі уақытта әсіресе, шекарадағы ахуалға мониторинг жүргіземіз. Бұған қоса, көршілеріміздегі жағдайға да мониторинг жасаймыз. Бұл дер уақытында әрекет ету үшін жасалады. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі түрлі сын-тегеурінге дайын», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар