+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирустың алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатыр

2020 жылғы 27 қаңтар 01:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирустың алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирустың жылдам таралуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шара қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, елімізде коронавирусқа қатысты сарапшылардан құралған республикалық штаб құрылды.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясын алдын алудың ұлттық жоспарының жобасы әзірленді.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау басқармаларында пациентттер келіп түскен жағдайда онда инфекциялық стационарларды дайындау және оларды тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.

Медициналық мамандарды теориялық және практикалық (тренинг, оқу) дайындығы пысықталып, тексерілді.

Медициналық ұйымдарды үзбей қамтамасыз етуге тиісті дәрілік-дәрмектердің тізбесі әзірленді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына барып, жалпы жағдаймен танысты.

Бұған қоса, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және теміржол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту шаралары қолға алынуда.

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды.

Коронавирустың алғашқы белгілері – бастың ауруы, тұмау, кеудедегі ауырлық, өкпенің қабынуы, қызудың көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, демнің жеделдеуі.

«Мұндай жағдайда ем шарасын өздігімен қабылдамай, бірден 103 нөміріне хабарласу керек!» - деп ескертеді министрлік.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

26 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы келесі кешенді алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылды.

Қазір Қытайда пневмониялық инфекцияның жаңа түрі тарап жатыр .

Сырқатқа шалдыққан және көз жұмғандар саны күн санап артып келеді. Алғашқы науқастар тіркелген күндері (15 қаңтар) есепке 41 адам алынған болатын.

Пневмонияның бұл түрі Таиланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркеліп отыр.

Қазақстан коронавирусты зертханалық жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін праймерлерді сатып алуды бастады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде инфекция тіркелмегенін ресми мәлім етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, карантинге жабылған Қытайдың Ухан қаласында бүгінде Қазақстаннан 230 студент оқиды. Олардың 98-і ғана қалада қалып отыр. Қалғандары демалыстың басталуына байланысты Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған.

Еліміз өңірлеріндегі барлық әуежайларда профилактикалық шаралар және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Саягүл Жарылқасын

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT