Қазақстанда коронавирустан жазылғандар үлесі 63,8% жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 пен пневмониядан жазылып шыққандар саны 63,8% жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 жұқтырудың тәулік бойғы өсімі 4%-дан 2,1% пайызға дейін төмендеді. Жедел жәрдем шақыру саны 35%-ға, коронавирус инфекциясы бойынша шақырулар – 37%-ға қысқарған», - деп хабарлады министрлік Telegram желісінде.

Сонымен бірге, жансақтау бөліміндегі жүктеме де 73%-дан 57% дейін түскен. Провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларындағы жүктеме 54% азайды.

Ал жазылып шыққан қазақстандықтар саны 63% көбейген.


Соңғы жаңалықтар