16:00, 28 Наурыз 2020 | GMT +6
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 15 адам болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 15 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 13, Алматы қаласында 2 адам», -делінген хабарламада.