+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам көз жұмды

2020 жылғы 4 маусым 23:45
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бас мүфти қазақстандықтарды бір-біріне жанашырлықпен қарауға шақырды Сарапшы: Карантин режимін бұзғандарға 83 мың теңге айыппұл - мәжбүрлі шара Төтенше жағдай режимін алып тастау қателік болды ма - Тоғжановтың жауабы

4 маусым сағат 23.40-тағы мәлімет бойынша, індеттен Қарағанды облысында 62 жастағы ер адам, Павлодар облысында 63 жастағы әйел, Нұр-Сұлтан қаласында 76 жастағы әйел, Шымкент қаласында 70 жастағы әйел көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 52 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 9

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 10

Ақмола облысы – 4

Атырау облысы – 2

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 5

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 5

Түркістан облысы – 1

Ескее салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус диагнозымен көз жұмған, бірақ ресми статистикаға енбеген өзге 37 науқас туралы айтқан болатын. Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырғандар саны артып бара жатқан өңірлерде ерекше шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті.

Бүгінге дейін елімізде коронавирусқа 12067 адам шалдықты. Оның 6606-сы жазылып шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT