Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 4,1 есе азайды - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі екі айда COVID-19-дан болған өлім-жітім 4,1 есе азайды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде «жасыл» аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.

Қазақстан Республикасы және 4 өңір – «сары» аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары).

«Қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр», - деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, елдегі COVID-19 вирусымен сырқаттанудың репродуктивтік саны – 0,93.

«Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе – аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға дейін азайды. Ал өлім 4,1 есе – аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін кеміді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар