Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 95 науқастың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 қыркүйекке арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 495 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 810 науқас жатыр. 1 685 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 95 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар