09:15, 11 Мамыр 2021 | GMT +6
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 802 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 мамырдағы ақпарат жарияланды.
11 мамырдағы мәлімет бойынша, 41 094 адам коронавирус инфекциясынан (40 692 КВИ+ және 402 КВИ-) ем алып жатыр.
Оның ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 802 адамның жағдайы ауыр
• 186 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 105 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.