09:00, 21 Қазан 2021 | GMT +6
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 634 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (–44 971 + және 6 347 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқастардың ішінде 8 851 адам стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 634 адамның жағдайы ауыр,
• 165 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 103 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.