Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 57 науқастың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 088 адам короновирус инфекциясынан (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 6 737 пациент стационарда, 18 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 298 адамның жағдайы ауыр;

• 57 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 41 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар