Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 159 науқастың жағдайы өте ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 12 933 пациент стационарда, 23 824 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 641 адамның жағдайы ауыр;

• 159 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар