+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

2021 жылғы 26 қазан 09:29
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 2 аптада елімізде коронавируспен ауру көрсеткіші 11 пайызға төмендеді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 400-ден астам адам емделіп жатыр

«Қазірдің өзінде әлемде коронавирус инфекциясының 244 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Ал бір тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,9 млн-нан астам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының мәліметінше, соңғы 2 аптада 54 елдің 35-інде ауру өсімі байқалған», - деді министр.

Оның атап өтуінше, соңғы 14 күннің ішінде коронавирустың таралуы Польшада - 160, Венгрияда - 120, Грузияда - 110, Әзербайжанда 104 пайызға артқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының құрамына кіретін 19 елде коронавирустың төмендегені байқалады.

Сонымен қатар ауру Израильде - 58, Испанияда - 28, Швейцарияда - 16, Черногорияда - 4 және Италияда 3 пайызға қысқарған.

«Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде науқастану 11 пайызға төмендеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT