Қазақстанда коронавируспен ауырған 364 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 364 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

30 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 180 адам короновирус инфекциясынан (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 364 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.


Соңғы жаңалықтар