Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 15877-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары еліміздің барлық өңірінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,2% құрады.

Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 59 (2,0%)
Қарағанды ​​облысы - 37 (2,3%)
Алматы қаласы - 35 (1,1%)
Батыс Қазақстан облысы - 29 (2,9%)
Атырау облысы - 21 (1,6%)
Шығыс Қазақстан облысы - 21 (7,6%)
Түркістан облысы - 20 (4,3%)
Шымкент қаласы - 18 (1,5%)
Ақмола облысы - 15 (6,6%)
Ақтөбе облысы - 15 (2,7%)
Жамбыл облысы - 15 (2,9%)
Павлодар облысы - 13 (3,1%)
Алматы облысы - 11 (2,1%)
Солтүстік Қазақстан облысы - 9 (7,2%)
Қызылорда облысы - 8 (1,6%)
Қостанай облысы - 6 (2,5%)
Маңғыстау облысы - 3 (0,7%)

17 маусым күні өңірлерде емделіп шықты - 273, қайтыс болды - 9 адам.

Бүгінге дейін ел бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны - 15877. Оның ішінде жазылып шықты - 9902, қайтыс болды - 97 адам.


Соңғы жаңалықтар