+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның қанша дозасы бар

2021 жылғы 23 шілде 17:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның қанша дозасы бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова вакцинациядан кейін вирус жұқтырған науқастардың қандай екпе түрін алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды АҚШ-қа вакцина салдырғандар бара алады Коронавирус: Қызылорда облысында тұрғындардың 73 пайызы вакцина алды

«Бүгінгі таңда вакцина алғаннан кейін коонавируспен ауырудың 4 765 жағдайы тіркеліп отыр. Бірінші кезеңнен кейін 2 384 жағдай, екінші кезеңнен кейін 2381 жағдай болған. Бұл жалпы вакцина алғандардың 0,09 пайызы ғана. «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен 2048, екінші компонентімен 2 101 жағдай (0,09 пайыз), Hayat-Vax – 246 және 221 (0,09 пайыз), CoronaVac - 45 және 11, QazVac – 41 және 45 жағдай тіркелді», - деді комитет басшысы орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде.

Айжан Есмағамбетова қай өңірде қандай вакцина түрлері қалғаны туралы да мәлімет ұсынды.

«Бүгінде 582 141 бірінші компоненттің дозасы, 1 млн 194 мың екінші компонент дозасы бар. CoronaVac вакцинасының 20 мың бірінші компонент дозасы бар. Барлық өңірлерде әр түрлі мөлшерде бар. Ең көбі Маңғыстау облысында. Тек Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоқ. «Спутник V» екпесінің 581 мың бірінші компонент дозасы барлық өңірлерде бар. QazVac-тың 3000 дозасы бар. Маңғыстау және Атырау облыстарында көп. Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында бұл вакцина қалған жоқ. «Синофармның» 6 286 бірінші компонент дозасы қалды. Бұл вакцинаның бәрі тек Маңғыстау облысында», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT