Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артып келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирусқа шалдығудың тәуліктік көрсеткіші артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

16 қарашадағы бір тәулікте коронавирус 72 адамнан, коронавирус белгілері бар пневмония 14 адамнан анықталды.

Қазір ел өңірлерінде коронавирустан - 609 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 177 (КВИ-), барлығы 786 адам емделіп жатыр. 90 пациент стационарда, 696-сы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 15 қарашада коронавирус – 60 адамнан, пневмония 10 адамнан анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар