Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар 3,2 есе өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы екі аптада коронавируспен ауырған адамдардың саны 3,2 есе өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсіп келеді.

Елімізде пандемия басталғаннан бері ресми статистикаға сәйкес, коронавирус инфекциясымен 1 млн 400 мыңнан астам адам ауырып, аурудың 5 толқыны болды. Маусымның 20-сынан бастап республика бойынша КВИ-нің көтерілуі басталды. Соңғы екі аптада ауырған адамдардың саны (10 714 жағдайдан 34 550 жағдайға дейін) 3,2 есе өсті. Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдайы тіркелді, өлім-жітім болған жоқ», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, министрлік 15 шілдеден бастап сырқаттану көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққандағы ауруханаға жатқызу көрсеткішіне ауыстыра отырып, тиісті матрицаны өзектендірді.

Сонымен қатар министр тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жаңдайға дейін өсетіндігін, алайда қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендейтінін болжады.



Соңғы жаңалықтар