Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағына еріктілер тартылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцина даярлауда отындық ғалымдар елеулі жұмыстар атқаруда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клиникаға дейінгі сынақ сәтті өтті. Тексеру шаралары барлық деректердің толық жаңғыртылуын байқатты. Антиденелер бойынша шетелдік баламалы зерттемелерден кем емес екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, гуморальды әрі жасушалық иммунитеттің дамуын байқадық, бұл өз кезегінде маңызды болып саналады», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Мұнымен қоса ол отандық ғалымдар өз еркімен екпе салғандарын еске салды.

«Бір айдан астам уақыт өтті. Олар үнемі бақылауда болады, сәйкесінше анализ тапсыруда. Осы орайда өзіміздің вакцинаның нәтижелігі мен тиімділігін көріп тұрмыз», - деді А. Аймағамбетов.

Министр қазіргі кезде қазақстандық ғалымдар клиникалық сынақтың тиісті кезеңіне кірісіп жатқанын, еріктілерді іріктеу басталғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар