Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 10 809 125 адам салдырды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 13 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 10 809 125 адам, 2 - ші компонентін 10 544 418 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 13 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 237 182 адам, ІІ-ші дозасын 1 193 324 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 873 407 жасөспірім, 41 578 жүкті әйел, 145 342 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компанентін 857 155 жасөспірім, 39 330 жүкті әйел, 141 641 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар