Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 564 853 адам салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 8 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 564 853 адам, 2 - ші компонентін 9 343 827 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 8 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 235 991 адам, ІІ-ші дозасын 1 190 796 адам салдырды.

Оның ішінде І-ші компонентін 872 628 жасөспірім, 41 516 жүкті әйел, 145 286 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компанентін 855 843 жасөспірім, 39 253 жүкті әйел, 141 459 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар