Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 510 151 адам салдырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 510 151 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 288 396 адам салдырды.

2022 жылғы 7 маусымда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 197 644 адам, ІІ-ші дозасын 1 070 186 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 859 241 жасөспірім, 40 595 жүкті әйел, 143 485 бала емізетін әйел салдырса, ІІ-ші компонентін 814 769 жасөспірім 36 454 жүкті әйел, 132 251 бала емізетін әйел салдырған.


Соңғы жаңалықтар