Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 497 035 адам салдырды
2022 жылғы 21 мамыр 12:52

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 9 497 035 адам салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 497 035 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 269 636 адам салдырды.

«Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 131 601 адам, ІІ-ші дозасын 1 008 303 адам салдырды.

Оның ішінде І-ші компонентін 843 564 жасөспірім, 39 257 жүкті әйел, 139 746 бала емізетін әйел салдырды

ІІ-ші компонентін 790 947 жасөспірім, 35 090 жүкті әйел, 128 201 бала емізетін әйел салдырды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT