Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 наурыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 457 806 адам, 2-ші компонентін 9 168 000 адам салдырды. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия дерегінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 30 наурыз күні коронавирус вакцинасының бірінші дозасын салғандар саны 9 455 275 адамды, екінші компонентін 9 161 806 адамды құраған болатын.


Соңғы жаңалықтар