+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге егіледі

2020 жылғы 5 шілде 12:07
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина кімдерге егіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпорындардағы вакцинация мәселесі корпоративтік әдеппен астасып жатыр - Абаев Атырауда тағы он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды Вакцина алуды мәжбүрлеу шараларына бармаймыз – Мемлекет басшысы

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткеннен кейін және препарат бағасы анықталғаннан соң басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта вакцина әлі әзірленбеген және оның бағасы да айқындалған жоқ», - деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінен.

Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, алдын ала болжамға сәйкес, вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатын адамдардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1452 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 924 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 47 171 адамға жетіп отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT