Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді

2022 жылғы 20 маусым 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 маусымға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 519 079 адам, екінші компонентін 9 298 376 адам салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, сондай-ақ ел өңірлерінде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. 19 маусымға дейін аталған препараттың I дозасын 1 213 777 адам, ІІ дозасын 1 113 088 адам алды.

Оның ішінде І компонентін салдырды:

- жасөспірімдер – 864 675;

- жүкті әйелдер – 41 003;

- бала емізетін әйелдер – 144 539.

ІІ компонентін салдырды:

- жасөспірімдер – 827 787;

- жүкті әйелдер – 37 333;

- бала емізетін әйелдер – 135 116.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары