Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Atameken-business» арнасының эфирінде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тапшылығы жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бізде коронавирус инфекциясына қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры қамтамасыз етілген. Оның бәрі арнайы хабтарда сақтаулы. Сонымен қатар, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу бағытында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрі-дәрмекті қымбаттатпау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Кез келген дәріханада баға себепсіз көтерілген болса, осы комитеттің жергілікті департаменттеріне хабарласуға болады», - дедікомитеттің ресми өкілі.

Ал Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім басшысы Әсия Молдинованың айтуынша, коронавирусқа және күнделікті пайдаланатын дәрінің қорын қалыптастыру үшін 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

«Қазіргі таңда Қазақстанның 8 аймағында тұрақтандырылған қор жиналған. 5 млрд теңгеден астам қаржыға коронавирусты емдеуге және күнделікті тұтынуға қажет дәрілік заттардың қоры алынған. Ал қалған 9 өңірде көтерме саудамен айналысатын дәріхана қоймаларында дәрілердің жалпы қоры бар. Қазіргі таңда ол дәрілік заттар жеткіліксіз деп айта алмаймыз. «Стелс-омикрон сияқты мутациялық штамдар елімізге келгеннің өзінде қажетті дәрімен қамтамасыз етеміз», - деді Әсия Молдинова.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан бойныша маусым айына дейін дәрі тапшылығы болмайтынын мәлім еткен болатын.



Соңғы жаңалықтар