Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
2022 жылғы 21 маусым 09:59

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 982 жетті.

Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 12, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында - 2, Қызылорда облысында -1 адамнан табылды.

Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда 12 адам коронавирус табылған еді.

Жалпы әлемде мамыр айының соңынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны өскен. Жеті күн ішінде COVID-19 салдарынан 8,7 мың адам қайтыс болды.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT