Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді
2022 жылғы 20 мамыр 10:00

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда 16 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтері бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 683 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 9,

Алматы қаласында - 3,

Шымкент қаласында – 0,

Ақмола облысында – 0,

Ақтөбе облысында 1,

Алматы облысында - 1,

Атырау облысында - 0,

Шығыс Қазақстан облысында - 0,

Жамбыл облысында - 0,

Батыс Қазақстан облысында - 0,

Қарағанды облысында - 2,

Қостанай облысында -0,

Қызылорда облысында -0,

Маңғыстау облысында - 0,

Павлодар облысында - 0,

Солтүстік Қазақстан облысында - 0,

Түркістан облысында - 0.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 8 адам жазылды.


Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 1651 адамнан коронавирус анықталды
2022 жылғы 11 тамыз 08:19

Өткен тәулікте 1651 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 1651 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеем жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 370,

Алматы қаласында - 185,

Шымкент қаласында – 16,

Ақмола облысында – 109,

Ақтөбе облысында – 82,

Алматы облысында - 16,

Жетісу облысында - 53,

Атырау облысында - 48,

Шығыс Қазақстан облысында - 29,

Абай облысында - 26,

Жамбыл облысында - 33,

Батыс Қазақстан облысында - 118,

Қарағанды облысында - 191,

Ұлытау облысында - 37,

Қостанай облысында - 89,

Қызылорда облысында - 22,

Маңғыстау облысында - 34,

Павлодар облысында - 105,

Солтүстік Қазақстан облысында - 78,

Түркістан облысында - 10.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 372 634 жетті.


Шыңжаңның ірі қалаларында коронавирустың өршуіне байланысты шектеу енгізілді
2022 жылғы 10 тамыз 15:26

Шыңжаңның ірі қалаларында коронавирустың өршуіне байланысты шектеу енгізілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 4 миллионнан астам халқы бар ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің (ШҰАӨ) әкімшілік орталығы Үрімшіде коронавирустың өршуіне байланысты бес күндік шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі індетпен күрес жөніндегі жергілікті штабқа сілтеме жасап.

Сейсенбіден бастап Үрімші қаласының алты ауданының тұрғындарына көшеге шығуға шектеу қойылды. ШҰАӨ әкімшілік орталығында «статистикалық басқару» енгізіледі және тұрғын орамдар, тіпті жеке аулаларға дейін «бір рет кіріп-шығу» қағидаты қатаң сақталатын болады.

Муниципалды мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі мекемелердің қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Тек ауылшаруашылық базарлары, қажетті тауарлары бар дүкендер, дәріханалар мен ауруханалар ашық болады. Қалалық қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Хабарламада айтылғандай, бес күн ішінде аса қажеттілік болмаса, Үрімші қаласына келуге тыйым салынады. Бұл ретте әуе, авто және теміржол қатынасы қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Ковидке қатысты шектеу 500 мыңға жуық халқы бар Инин (ҚХР ШҰАА) қаласында да енгізілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, жалпы алғанда, шілде айының соңынан бастап ШҰАӨ-де 500-ден астам асимптоматикалық коронавирус тасымалдаушысы анықталды. Олардың көпшілігі Инин қаласында (405 жағдай) тіркелген.

COVID-19 ауруы Шыңжаңның басқа да ірі елді мекендерінде – Үрімші, Хотан, Турфан, Ақсу, Болэ және Хами қалаларында, сондай-ақ Қашғар, Тачэн және Алтай округтерінде тіркелген.

Өткен тәулікте ШҰАӨ-де коронавирустың 120-дан астам симптомсыз тасымалдаушысы тіркелген, оның 70-тен астамы Инин қаласында анықталған.


Фото: Getty Images


COVID-19: Жапония халқының саны 726 342 адамға азайды
2022 жылғы 10 тамыз 13:35

COVID-19: Жапония халқының саны 726 342 адамға азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония халқының саны 125,93 миллионға дейін азайды. 1 қаңтардағы жағдай бойынша алынған бұл дерек – 2013 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің ішкі істер министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, халық саны – 125 927 902 адам, оның ішінде тұрақты түрде тұратын шетелдіктер де бар.

Жапонияның Окинавадан басқа барлық 47 префектурасының халқы азайған. Сонымен бірге, Токиода және Сайтама, Тиба мен Канагава префектураларында тұрғындары саны кеміп отыр.

Өлім-жітім туу көрсеткішінен басым, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына байланысты шекарадағы шектеулер шетелдіктер санының төмен болуына әкелген.



Фото: english.kyodonews.net




Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT