Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы бойынша тағы бес адам тіркелді. Алматыда 4, елордада 1 адам. Демек, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 15, елордада 17 адам болып, жалпы, 32 адам тіркеліп отыр», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрліктің фейсбук парақшасында.


Соңғы жаңалықтар