Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2191 адамға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тағы 56 адам коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz/ сайтына сілтеме жасап.

Сайттың коронавирусқа қатысты сағат 09:50-дегі жағдай бойынша таратқан ақпаратына қарағанда, Алматы қаласында - 3, Қостанай облысында - 1, Жамбыл облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 7, Павлодар облысында - 5, Нұр-Сұлтан қаласында - 17, Манғыстау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған.

Осылайша еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 2191-ге жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 421

Алматы қаласы – 735

Шымкент қаласы – 131

Ақмола облысы – 83

Ақтөбе облысы – 34

Алматы облысы – 62

Атырау облысы – 82

Шығыс Қазақстан облысы – 15

Жамбыл облысы – 79

Батыс Қазақстан облысы – 86

Қарағанды облысы – 102

Қостанай облысы – 36

Қызылорда облысы – 157

Маңғыстау облысы – 19

Павлодар облысы – 43

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 76

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан айығып кеткендер саны осы сағатта 515-ті құрап отыр.
Соңғы жаңалықтар